Вакансия Вакансия

    Бас маман

    Өмірбаян

    • 2020 жылы Ш. Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы Көпсалалы колледжді «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
    • 2023 жылы «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» КЕАҚ-ты «Юриспруденция» мамандығы бойынша аяқтаған.
    01.08.2022 жылдан 01.04.2023 жылға дейін – Көкшетау қ., «Коллекторская компания Эксперт плюс profi» ЖШС-нде маман, басқа жерге көшуге байланысты жұмыстан босатылды.
    01.09.2023 жылдан 01.06.2024 жылға дейін – Тахтаброд ауылы, «Тахтаброд орта мектебі» КММ-нде лаборант, басқа жерге көшуге байланысты жұмыстан босатылды.
    02.09.2024 жылдан 22.09.2025 жылға дейін – «Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нде аударма жөніндегі редактор, өз еркімен жұмыстан босатылды.
    02.10.2025 жылдан 28.11.2025 жылға дейін – Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның статистика басқармасы, ұлттық ауыл шаруашылығы санағын дайындау және өткізу жөніндегі нұсқаушы, өз еркімен жұмыстан босатылды.
    01.12.2025 жылдан 30.04.2026 жылға дейін – «Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нде аударма жөніндегі редактор, өз еркімен жұмыстан босатылды.
    06.03.2026 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманының міндетін атқарушы.

    Әскерге шақыру жасындағы адамдарды, әскери міндеттілерді уақтылы және толық есепке алуды қамтамасыз ету. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларға оларды әскерге шақыру туралы ескерту және олардың уақтылы келуін қамтамасыз ету. Әскери міндеттілердің, әскерге шақырылушылар мен әскерге шақырылушылардың сандық және сапалық құрамын растайтын құжаттарды ұсыну. Әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуға қабылдауда, азаматтарды әскери қызметке (әскери жиындарға) шақыруды жүргізуде ОДО-ға көмек көрсету. Әскери міндеттілерді бастапқы есепке алу карточкаларын және ОДО-мен есепте тұрған әскерге шақырылушылардың тізімдерін салыстыру. Ауылдық округ аумағындағы барлық ұйымдардың есебін жүргізу және әскери есепке алуды бақылауды жүзеге асыру. Келесі жылы тіркелуге жататын азаматтардың тізімін ұсыну. ТЖ бөлімімен жұмыс істеу, осы бөлімге уақытылы есептілік пен ақпарат беру. Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімімен, шаруа және фермер қожалықтарымен, ауылдық округтің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен өзара іс-қимыл жасау, олардың қызметі бойынша есептер жасау. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу бойынша жәрдем көрсету және ұйымдастыру. Ауылдық округ жастарымен жұмыс. Елді мекен жерлерінде мал жаю орындарын анықтау. Елді мекендердің аумағын санитарлық тазалауды ұйымдастыру.

    .

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері