
Өмірбаян
1983 жылы 20 ақпанда Көкшетау облысы, Рузаев ауданы, Шұқыркөл ауылында дүниеге келген.
2006 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін "Агрономия" мамандығы бойынша, 2008 жылы Алматы экономика және статистика академиясын "Есеп және аудит"мамандығы бойынша бітірген.
19.05.2006 жылдан бастап 07.08.2006 жылға дейін "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Шұқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ жетекші маманы.
07.08.2006 жылдан бастап 01.08.2008 дейін "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Шұқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманы.
01.08.2008 жылдан 07.02.2011 жылға дейін "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Салқынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ жетекші маманы.
07.02.2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Чистополь ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ бас маманы.
Ауылдық округ әкімі аппаратының іс қағаздарын мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын, өтініштерін қарауды жүзеге асыру, құжаттаманы жүргізу ("e.Otinish" бағдарламасы), ауылдық округ әкімі аппаратының құжаттамалық қызметін ұйымдастыру бойынша халықпен жұмыс. Ауылдық округ әкімінің шешімдерінің жобаларын дайындау. Құжаттаманың сақталуын қамтамасыз ету, ауылдық округ әкімі мен аудан әкімінің жиналыстарын, есепті кездесулерін өткізуге материалдар дайындау, хаттамалық тапсырмаларды жүргізу және олардың орындалуын бақылау. Осы тапсырмаларды орындау бойынша ауылдық округ әкіміне ақпарат дайындау. Кіріс және шығыс хат-хабарлар журналдарын жүргізу. Есепке алу мен есептілікті қамтамасыз ете отырып, көп балалы аналарға "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградтауға құжаттар жинау.



