Бажаева Назгүл Аманқұлқызы

    Өңірлерді цифрлық дамыту департаментінің директоры

    Бажаева Назгүл Аманқұлқызы
    Директор

    Бажаева Назгүл Аманқұлқызы

    Өңірлерді цифрлық дамыту департаментінің директоры

    Өмірбаян

    Бажаева Назгүл Берклидегі Калифорния университетінің Хаас бизнес мектебінің (АҚШ) бас цифрлық офицер бағдарламасының түлегі.

    Бостон университетінде (АҚШ) компьютерлік ақпараттық жүйелер магистрі дәрежесі, Д,Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында құқық магистрі дәрежесі, сонымен қатар Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетінің «Ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру және технологиясы» мамандығы бойынша үздік дипломы бар.

    Курс сертификаттары:

    «Жасанды интеллект: бизнес стратегиялары мен қолданбалары», «Технологияның болашағы: трендтер, стратегиялар және инновациялық мүскіндіктер» Калифорния университеті, Беркли (АҚШ).

    «Орталық Азиядағы дамудың көшбасшылық академиясы» Стэнфорд университеті (АҚШ).

    «Үлкен деректерді талдау негізделген саясатты қалыптастыру» Карнеги-Меллон университеті (АҚШ).

    Бажаева Назгүл бірнеше марапатқа ие болды, оның ішінде: тұңғыш Президенттің «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық төсбелгісі, «Ерең еңбегі үшін» мемлекеттік төсбелгісі, «Үздік цифрландырушы» ведомстволық төсбелгісі, «Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне 10 жыл» ведомстволық төсбелгісі, сондай-ақ «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумын ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары атынан Құрмет грамотасымен марапатталған.

    2008-2025 жж. аралығында бірқатар маңызды және нәтижелі жобаларға, олардың ішінде «электрондық үкіметті» дамытуға, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құруға, «Цифрлық үкіметті қолдау орталығын» құруға, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын әзірлеуге, 2023-2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және киберқауіпсіздікті дамыту тұжырымдамасын әзірлеуге, өңірлерді цифрлық дамытуына өз үлесін қосты.

    2019-2020 жж. аралығында Сан–Франциско (АҚШ) қаласында цифрлық елші болып жұмыс атқарды. Халықаралық серіктестермен, компаниялармен және инвесторлармен цифрландыру және ынтымақтастық мәселелерін Қазақстан Республикасы атынан жетекшілік етті.

    2018-2019 жж. аралығында «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері