
Калиева Самал Аманжоловна
Жоспарлау және бухгалтерлік есеп департаменті директорының орынбасары
Өмірбаян
1978 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Ақмола облыстық тұтыну одағы кооперативтік техникумын, Қарағанды Қазтұтынуодағы экономика университетін, Қаржы академиясын бітірген.
1998 – 1999 жж. «Медикус-Центр» АӨК Ақмола филиалының сатушы-кассирі, есепші-кассирі;
2002 – 2006 жж. «Ай-Мак» валюта үйі» ЖШС кассир-операционисі;
2009 – 2012 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Орталық кеден зертханасының есепшісі, бас маманы;
2012 – 2015 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ұйымдастыру-қаржы басқармасының бас маманы, сарапшысы
2015 – 2020 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жоспарлау және бухгалтерлік есеп департаменті Мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау және орындау басқармасының бас сарапшысы, басшысы;
2020 ж. - қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жоспарлау және бухгалтерлік есеп департаменті директорының орынбасары.





