
Амренова Дина Бековна
Жоспарлау және бухгалтерлік есеп департаменті директорының орынбасары
Өмірбаян
1972 жылы Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген.
Өскемен құрылыс-жол институты, экономика факультетін бітірген.
1994-1997 ж.ж. Коммерциялық банктің экономисті, маманы, аға маманы, банкті тарату комиссиясының аға маманы, бас есепшінің орынбасары;
1997-1998 ж.ж. Қазақстан Республикасы Бюджеттік банкінің Шығыс Қазақстан облыстық басқармасының аға экономисті, бас экономисті;
1998-2001 ж.ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облыстық басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бас қазынашысы;
2001-2005 ж.ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облыстық басқармасының төлемдерді реттеу бөлімінің бастығы, түсімдерді есепке алу және бөлу бөлімінің бастығы;
2005-2008 ж.ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті түсімдер басқармасының бастығы, ішкі бақылау басқармасының бастығы;
2008-2012 ж.ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің Шемонаиха аудандық қазынашылық басқармасының бастығы;
2012-2013 ж.ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаменті басшысының орынбасары;
2013-2019 ж.ж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы;
2019 ж. - осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Жоспарлау және бухгалтерлік есеп департаменті директорының орынбасары.





