Каймолдинова Анар Быкыткановна

    Бухгалтерлік есеп, аудит пен бағалау әдіснамасы департаменті директорының орынбасары

    Каймолдинова Анар Быкыткановна
    Заместитель директора

    Каймолдинова Анар Быкыткановна

    Бухгалтерлік есеп, аудит пен бағалау әдіснамасы департаменті директорының орынбасары

    Өмірбаян

    1970 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген.

    Алматы технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтын, сондай-ақ Бухгалтерлік есеп бойынша кадрлар даярлау жөніндегі республикалық салалық институтты бітірген.

    Еңбек жолын 1991 жылы бастаған. 1991 жылдан 2003 жылға дейін нақты сектор ұйымдарында (шағын кәсіпорын, АҚ, ЖШС) бухгалтер болып жұмыс істеген.

    2003–2005 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаментінде бас маман болып қызмет атқарған.

    2005–2014 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, аудит қызметі әдіснамасы департаментінде бас маман, бөлім басшысы, нақты сектор мен мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп әдіснамасы басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет еткен.

    2015 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасы Бюджеттік заңнама департаментінде басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

    2025 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері