Хамзин Тимур Ковланұлы

    Жәнібек аудандық, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы

    Хамзин Тимур Ковланұлы
    Руководитель

    Хамзин Тимур Ковланұлы

    Жәнібек аудандық, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Хамзин Тимур Ковланұлы, 1988 жылғы 6 щілде БҚО Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2005 жылы Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне оқуға түсіп. Осы оғарғы оқу орнын 2009 жылы тәмамдап, «Құрылыс» мамандығын алып шыққан.

    2009 жылы Жәнібек аудандық құрылыс бөлімінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмыс жасадым.

    2009-2010 ж.ж. аралығында Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай ауылында №16194 әскери бөлімінде Отан алдындағы азаматтық борышымды өтедім. Кіші сержант шенін алдым.

    2010 -2011 ж.ж. «Жәнібек ауданы әкімдігінің Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде» жұмыс жасадым.

    2011 - 2013ж.ж. Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті «Экономика» мамандығы бойынша қосымша мамандық алдым.

    2011-2017 ж.ж. «Жәнібек ауданы әкімдігінің Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Жұмыспен қамту орталығының» бас маманы.

    2017-2019 ж.ж. «Жәнібек ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының» бас маманы.

    2019-2023 ж.ж. «Жәнібек ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының» сектор меңгерушісі.

    2023-2024 ж.ж. «БҚО әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің филиалы «Жәнібек ауданының мансап орталығы» бас маманы.

    2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ Жәнібек ауданының Мансап орталығы филиалының директоры.

    2025 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - " Жәнібек ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс, БҚО"бөлімінің басшысы

    «Аманат» партиясының мүшесімін.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері