
Садырбаев Нурболат Мухтарович
Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Өмірбаян
Садырбаев Нурболат Мухтарович Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылында 1988 жылғы 23 сәуір күні дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлтым- қазақ. Орта білімді Т.Жароков атындағы ЖББОМ алдым. Білімім жоғары, 2011 жылы Батыс Қазақстан Гуманитарлық Академиясын «Дене шынықтыру мұғалімі» мамандығы бойынша, 2021 жылы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер уневерситеті «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 2008 Жәнібек аудандық педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінің емдік дене шынықтыру мұғалімі қызметінен бастадым. 2009-2010 ж.ж. аралығында Жәнібек аудандық Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінінің волейбол жаттықтырушысы, 2010-2016 ж.ж. ҰҚК ШҚ 2036 әскери бөлімінде келісім шарт бойынша әскери қызметші, 2016-2017 ж.ж. Жәнібек аудандық Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінінің әдіскері қызметін атқардым. 2017 жылдың маусым айынан Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, 2022 жылғы 01 желтоқсаннан Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Отбасылы, 1 қыз тәрбиелеп отыр. Жалпы еңбек өтілі-14 жыл 4 ай. Мемлекеттік қызмет өтілі - 12 жыл 6 ай.




