
Абдрешев Нурболат Зулпкарович
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Абдрешев Нурболат Зулпкарович, 1962 жылғы 7 қарашада Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Бисен ауылында дүниеге келген.Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1987 жылы Орал қаласындағы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтының күндізгі бөліміне оқуға түсіп. Осы жоғары оқу орнын 1993 жылы тәмамдап, «Инженер-механик» мамандығын алып шыққан.
Еңбек жолын 1980 жылы Жәнібек ауданы Ақоба ауылындағы Хаби Халлиулин атындағы жалпы білім беретін орта мектепті аяқтағаннан кейін, осы ауылдағы Жәнібек атындағы кеңшарға жұмысшы болып бастаған.
1981-1983 жылдары Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышымды өтеп келгеннен кейін 1983-1986 жылдары аралығында Жәнібек ауданы Жәнібек ауылындағы аэропорт басшысы болып жұмыс жасаған.
1986-1987 жылдары Жәнібек ауданы Жәнібек атындағы кеңшарда жұмысшы қызметін атқарған.
1989-2008 жылдар аралығында қызмет бабында Жәнібек ауданы Жәнібек атындағы кеңшарда меңгеруші, Жәнібек аудандық ауыл шаруашылық бірлестігінде жетекші инженер, Жәнібек ауданының ауыл шаруашылық техникалар бірлестігінде ферма меңгерушісі, Жәнібек ауылындағы аэропорт басшысы, «Орал» жол құрылыс кәсіпорнында шебер, слесарь болып жұмыс жасаған.
2008 жылы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің бос орнына жарияланған конкурсқа қатынасып, конкурстың нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметке қабылданды.
Сол уақыттан бері 2008-2015 жылдары аралығында Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы болып жұмыс жасап, 2015-2017 жылдары аралығында Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс жасаған.
Аудан әкімдігінің қаулысы негізінде 2016 жылы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылық бөлімі таратылып, жаңадан Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімі құрылуына байланысты 2017 жылғы ақпан айынан – 2019 жылғы 24 қыркүйекке дейін осы бөлімнің бас маманы болып қызмет атқарған.
Аудан әкімдігінің қаулысы негізінде 2019 жылғы 24 қыркүйектен бастап Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімінде басшылық қызметі.
Аудан әкімінің 2023 жылғы 11 қыркүйектегі бастап Жәнібек аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне басшылық қызметіне тағайындалып қызметін атқаруда.
Отбасылы, 2 қыз тәрбиелеп отыр




