
Ақшабаев Ермек Сүндетбайұлы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
1984 жылы 22 қаңтарда Алматы облысы Көксу ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алматы облысы Көксу ауданының Амангелді ауылының орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
Әр жылдары Көксу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, Алматы облысы тілдерді дамыту басқармасының ономастика және мониторинг жұмысы бөлімінің бас маманы және бөлім басшысы, Жетісу облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы, Қаратал ауданы Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жетісу облысы әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің бас инспекторы, Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының Тілдерді дамыту және ономастикалық жұмыс бөлімінің басшысы. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары.
