
Абибеков Бауыржан Бақытұлы
Басқарма басшысы
Өмірбаян
1987 жылы туған. Жоғары білімді. Алматы технологиялық университетін, Ө. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын экономика, құқық мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алматы қаласы бойынша салық департаментінің салықтық әкімшілендіру басқармасының жетекші маманы, бас маманы болып бастады.
Әр жылдарда Көксу ауданының қаржы бөлімінің, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы, Алматы облысының ішкі саясат басқармасының бас маманы, Алматы облысы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы – облыс әкімі орынбасарының көмекшісі, Алматы облысы әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы – облыс әкімі орынбасарының көмекшісі, Сарқан, Көксу аудандарында әкім аппаратының басшысы, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары болды.
2024 жылдың ақпанынан Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.