
Мурзатова Карлыгаш Маратовна
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Есептілік және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасы департаменті директорының орынбасары
Өмірбаян
1969 жылы Жезқазған облысында дүниеге келген, Алматы халық шаруашылығы институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
1991-1996 жж. - Жезқазған облысы, Атасу ауылы, Ұлттық банктің ӨҮК-де экономист, бас есепші
1996-1999 жж. - Жезқазған ауданы Атасу ауылының Бюджеттік банкінің, Қазынашылықтың аудандық бөлімінде басшы
1999-2010 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет департаментінде, Есеп беру және статистика департаментінде бас маман
2010-2019 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жергілікті бюджеттер департаментінде, Мемлекеттік бюджет департаментінде, Мемлекеттік қаржылық есептілік және статистика департаментінде басқарманың басшысы
2020 ж. – осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Есептілік және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасы департаментінде директордың орынбасары





