
Өмірбаян
Масенов Руслан Кеңесжанұлы-1984 жылы 31 шілдеде Алматы облысы, Кеген ауданы, Жылысай ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2001-2002 жылдар аралығында "Дархан" шаруашылығында шопан болып қызмет атқарды.
2002 -2007 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетін бітіріп және осы аталған университеттің әскери кафедрасын аяқтап, лейтенант шенін алды.
2007-2009 жылдар аралығында ҚР.АГИМ Агроөнеркәсіптік комитеті Райымбек аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы;
2009-2010 жылдар аралығында
Райымбек аудандық ауылшаруашылық бөлімі ММ-нің бас маманы;
2010-2012 жылдар аралығында Ұзақ селолық округі әкімі аппаратының бас маманы, мал дәрігері.
2012-2013 жылдар аралығында Райымбек ауданының “Ветеринария бөлімінің” бас маманы,
2013-2018 жылдар аралығында Райымбек ауданы әкімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы “Ветеринариялық пунктері бар ветеринарлық станциялы” мемлекеттік коммуналдық мекемесінің басшысы;
2018-2021 жылдар аралығында “BAIKEN - AGRO” ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы;
2021-2025 жылдар аралығында Кеген ауылдық округінің әкімі;
16 маусым 2025 жылы Жылысай ауылдық округі әкімі лауазымына сайланды.





