
Өмірбаян
Айтбайұлы Қуандық 19.07.1989 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауылында туылған. Білімі жоғары, 2011 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, 2013 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, 2015 жылы Ресей Федерациясы Президентінің қарамағындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын заңгер, халықаралық құқық, экономист мамандықтары бойынша бітірген.
Жалпы құқық қорғау органдарындағы еңбек жолын жоғарғы оқу орынын аяқтағаннан кейін 2011 жылдың қыркүйек айында Астана қаласының Экономикалық қылмысқа және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментінде тергеуші лауазымында бастаған.
2012 жылдың желтоқсан айынан прокуратура органдарына ауысу тәртібімен қабылданып, Астана қаласының Алматы аудандық прокурорының көмекшісі лауазымына тағайындалған. Осыдан соң, Астана қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық құдалау басқармасының басқарма прокуроры, ҚР Бас прокуратурасының Сотта мемлекет мүдделерін білдіру департаментінің ұйымдастыру-аналитикалық бөлімінің аға прокуроры, Астана қаласы прокуратурасында прокурордың көмекшісі, аға көмекшісі, Шымкент қаласы прокуратурасының Қылмыстық қудалау басқармасының бастығы, Шымкент қаласы прокуратурасының Әкімшілік және атқарушылық іс жүргізу заңдылығына қадағалау басқармасының бастығы, Шымкент қаласы прокуратурасының Мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатыға қатысу басқармасының бастығы, Шымкент қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау басқармасының бастығы, Шымкент қаласы прокуратурасының Сотта мемлекет мүдделерін білдіру басқармасының бастығы лауазымдарын атқарған.
Отбасылы, Шымкент қаласының тұрғыны.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 18 наурыздағы №36/6 бұйрығымен әділет кеңесшісі Қуандық Айтбайұлы Шымкент қаласы Мекемелерде қылмыстық жазалардың орындалу заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуроры лауазымына тағайындалды.





