
Өмірбаян
Жақсылық Рүстем Жақсылықұлы 1977 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданында дүниеге келген.
1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Жақсылық Рүстем Жақсылықұлы
Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылдан бастаған. Әр жылдары келесі лауазымдарда жұмыс істеген: Қазығұрт ауданы прокурорының көмекшісі, облыс прокуратурасы басқармасының прокуроры, облыс прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бөлім бастығы, Бас прокуратура департаментінің басқарма прокуроры, аға прокуроры, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының прокуроры.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде және Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде басшылық лауазымдар атқарған.
Еңбекші ауданы прокурорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары прокуратуралары басқармаларының басшысының орынбасары, Түркістан облысы прокуратурасы басқармасының бастығы, Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің тергеу басқармасының басшысы, Ұлытау облысы прокуратурасы басқармасының бастығы, Шымкент қаласы прокуратурасы басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.
2025 жылғы 27 мамырда Бас Прокурордың бұйрығымен Шымкент қаласы прокуратурасының қылмыстық жазалардың орындалуының заңдылығын қадағалау жөніндегі арнайы прокуроры лауазымына тағайындалды.
07.11.2025 жылы Шымкент қаласы Еңбекші ауданының прокуроры болып тағайындалған.





