
Айтмурзаев Дәулет Әлиұлы
Тұран ауданы прокурорының орынбасары
Өмірбаян
Айтмұрзаев Дәулет Әлиұлы 17.07.1983 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш
ауданында дүниеге келген.
2004 жылы М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетін аяқтаған
Құқық қорғау органдарындағы қызметін 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарыағаш ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. Алматы
қаласындағы «Алатау» республикалық балалар клиникалық санаторийінің заңгері,
Қызылорда облысы ДБЭКП УППДК және УРПДК 1-ші және 2-ші бөлімдерінің аға
инспекторы, Жамбыл облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл департаментінің сотқа дейінгі тергеу басқармасы жедел бөлімінің аса
маңызды істер жөніндегі офицері қызметтерін атқарған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жұмыс істеп, мемлекеттік басқару
саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау бөлімінің
басшысы, Жамбыл облысы бойынша Ұлттық бюроның жедел басқармасы басшысының
орынбасары, арнайы басқарманың ерекше маңызды істер жөніндегі офицері
лауазымдарын атқарған.
2018 жылдан бастап прокуратура органдарында қызметін жалғастырып, Жамбыл
облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры,
Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі, Шымкент қаласы прокуратурасының
жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын және жасырын тергеу әрекеттерін қадағалау
басқармасының бастығы лауазымдарын атқарған.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 14 жыл.
Класс берілген шен – әділет кеңесшісі.



