Каримов Ерболат Нұрланұлы

    Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    Каримов Ерболат Нұрланұлы
    Руководитель отдела

    Каримов Ерболат Нұрланұлы

    Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Каримов Ерболат Нұрланұлы, 1975 жылы туған, білімі жоғары.

    Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Құқық негіздері және экономика), Қазақ-ресей халықаралық университетін (Юриспруденция) тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1992 жылы Орал қаласындағы «Омега» АҚ 086 цехында қосалқы жұмысшы болып бастаған. 1992–1995 жылдары Алматы қаласындағы 2466 әскери бөлімде ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызмет атқарған.

    Әр жылдары атқарған қызметтері:

    • Орал қаласы әкімінің аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы;
    • Орал қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі;
    • Аксай қаласындағы «Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі меңгерушісінің орынбасары;
    • Орал қаласы әкімінің аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі басшысы;
    • Орал қаласы әкімінің аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс жөніндегі бірыңғай қызметінің басшысы;
    • Орал қаласы әкімінің аппаратының басшысы;
    • Орал қаласы әкімінің кеңесшісі.

    2025 жылғы 6 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Орал қаласы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» басшысы болып қызмет атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері