Өтеуов Асылбек Айбекұлы

    Орал қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы

    Өтеуов Асылбек Айбекұлы
    Руководитель отдела

    Өтеуов Асылбек Айбекұлы

    Орал қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Өтеуов Асылбек Айбекұлы 1989 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2010 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің "құқықтану" факультетін бітірген.

    Еңбек жолын Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық жұмыс бөлімінің статисті болып бастаған. 2011-2013 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық жұмысы бөлімінің Құқықтық мәселелер және құжаттармен жұмыс жөніндегі бас маманы, 2013-2017 жылдары Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, бас инспекторы. 2017-2018 жылдары Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің тұрғын үй және жекешелендіру секторының меңгерушісі. 2018 жылдан-Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы. 2019 жылдан бастап Орал қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімі басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері