
Керімбеков Төленді Нұрдәулетұлы
ҚР ҚМ МКК Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары
Өмірбаян
Керімбеков Төленді Нұрдәулетұлы 1972 жылы Талдықорған облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
1995 жылы «Еңбек Қызыл Ту» Қазақ ордені ауыл шаруашылығы институтын «Агрономия» мамандығы бойынша, 2001 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2007 жылы академик Жолдасбеков атындағы институтты «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
карьера
Еңбек жолын 1989 жылы Панфилов ХРСУ-да жұмысшы болып бастаған.
Салық органдарындағы қызметін 2002 жылдың шілдесінен бастап.
2011 жылдың мамыр айында Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Талдықорған қаласы бойынша салық басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған.
2014–2024 жылдары Алматы облысы және Жетісу бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ұйғыр, Қаратал аудандары, Талдықорған қаласы және Панфилов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының басшысы лауазымда қызмет атқарған.
2024 - 2025 жылдың Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымдақызмет атқарған.
2025 жылғы 15 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының бұйрығымен Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.


