
Ұзақбаев Сәтжан Ұзақбайұлы
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы
Өмірбаян
1979 жылы Қазақстан Республикасы, Жезқазған облысы, Ағадыр ауданы, Ағадыр ауылында туған.
Ұлты-қазақ.
Білімі жоғары:
2000 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін “Құқықтану” мамандығы бойынша бітірді.
2007 жылы - З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін бітірді, “Қаржы бакалавры” біліктілігі тағайындалды.
2000 жыл қыркүйек – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай ауданы бойынша әскери-тергеу бөлімінің тергеушісі;
2001 жыл мамыр - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдарында орта және аға басқарушылық құрамда қызмет;
2006 жыл ақпан - Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті анықтау және экономикалық қылмыстармен күрес бөлімінің бас маманы;
2007 жыл тамыз - Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті Контрабандаға қарсы күрес басқармасы анықтау және экономикалық қылмыстармен күресу бөлімі бастығының міндетін атқарушы;
2008 жыл сәуір - Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті «Қайрақ» кеден бекеті бастығының орынбасары;
2011 жыл сәуір - Қостанай қаласы бойынша салық басқармасы Мәжбүрлеп өндіріп алу және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс бөлімінің жетекші маманы;
2011 жыл мамыр - Қостанай қаласы бойынша салық басқармасы заң бөлімінің бастығы;
2012 жыл қаңтар - Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің акцизделетін өнімдерді әкімшілендіру басқармасының бастығы;
2012 жыл қыркүйек - Рудный қаласы бойынша Салық басқармасы басшысының орынбасары;
2014 жыл қараша - Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары;
2016 жыл қараша - Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы;
2017 жыл маусым - Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті камералдық бақылау басқармасының басшысы;
2018 жыл қыркүйек - Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті экспорттық бақылау басқармасының басшысы;
2019 жыл маусым – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.


