
Өмірбаян
Шаухина Ботагоз Нигметовна, 1981 жылы 17 қарашада Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында туған.
Екі жоғары білімі бар, 2017 жылы III-дәрежелі «Қаржы сақшысы» медалімен марапатталған.
Еңбек жолын 2002 жылы «Компания Телетек» ЖШС-да экономист-менеджер болып бастады.
2003 жылғы қарашадан бастап 2007 жылғы қыркүйекке дейінгі аралықта ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінде іс жүргізуші лауазымынан бастап бас маман-бас қазынашы лауазымында мемлекеттік қызметте болды.
2007 жылғы қыркүйектен бастап 2011 жылғы қарашаға дейінгі аралықта ШҚО қаржылық бақылау инспекциясында жетекші маман-бас бақылаушы ревизор лауазымынан бастап бас маман-бас бақылаушы ревизор лауазымында жұмыс істеді.
2011 жылғы қарашадан бастап «ШҚО бойынша тексеру комиссиясы» ММ-де бас маман — тексеруші лауазымынан бастап сапаны бақылау бөлімінің басшысы лауазымында қызмет етті.
2025 жылғы 10 сәуірден бастап Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті сессиясының шешімімен Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.



