
Өмірбаян
Дархан Амангелдіұлы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында 1979 жылғы 4 қыркүйекте дүниеге келген
Алматы Экономика және статистика академиясын «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген
«Мемлекеттік аудитор» сертификаты, халықаралық мемлекеттік аудит сертификаты (CIPFA) және халықаралық қаржылық есептілік бойынша АССА дипломы (ДипИФР) бар.
Мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам уақыт жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2003 жылы «Өскемен қаласының халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ жетекші маманы қызметінен бастады
2004-2005 жылдары –«Өскемен қаласының коммуналдық меншік басқармасы» ММ бас маманы
2005-2011 жылдары «ШҚО қаржы басқармасы» ММ жетекші маманы, бас маманы лауазымдарында жұмыс істеді
2011-2016 жылдары – «ШҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясы» ММ жетекші маманы бақылаушы-тексеруші, «ШҚО бойынша тексеру комиссиясы» ММ бас маманы-тексеруші
2016-2018 жылдары ШҚО әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің бас инспекторы
2018-2022 жылдары — ШҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
2022-2023 жылдары — ШҚО Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары
2023-2024 жылдары — ҚР ҚМ МКК ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ұйымдастыру — қаржы басқармасының басшысы.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының 2024 жылғы 12 сәуірдегі шешімімен Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.
Vlll шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті XlX сессиясының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы √19/155-VIII шешімімен Дархан Амангелдіұлы Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды.
Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін» медалі (2025 ж.), «Қаржы сақшысы» медалі (2025ж.)



