
Өмірбаян
1980 жылғы 28 маусымда Семей облысы Семей қаласында туған.
Екі жоғары білімі бар: 2001 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Экономист- математик» мамандығы бойынша бітірген, 2005 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «заңгер» мамандағы бойыша бітірген.
Мемлекеттік қызметті Семей қалалық Қазынашылық бөлімінді (2003-2008 жж.) бастады. Әрі қарай еңбек қызметін квазимемлекеттік секторында жалғастырды: ҚР ТЖ Министрлігінің мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті «Резерв» РМК-да (2009-2011 жж.), «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ (2011-2013жж.), Ауыл шаруашылығы Министрлігінің «Қазақстан су шаруашылығы» РМК (2014-2015 жж.). 2015 жылы мемлекеттік қызметке қайта оралып, ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында (2015-2016 жж.), ШҚО Денсаулық сақтау басқармасында (2016-2017 жж.), Өскемен қ. қаржы бөлімінде (2017-2019 жж.) басшылық лауазымдарында қызмет етті.
2019 жылғы 5 наурызда конкурстық комиссия ұсынысының негізінде тексеру комиссиясы төрағасының м.а. бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.
2018 жылғы 14 қарашадан бастап «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-нің Әдеп жөніндегі уәкілі болып табылады.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №21/203- VII шешімімен Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.



