
Қасымбеков Ғалым Маханбетұлы
ҚР ҚМ ММЖК Шымкент қаласы мемлкеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысы
Өмірбаян
Касымбеков Галым Маханбетович 1980 жылғы 16 қыркүйекте дүниеге келген, екі жоғары білімі бар – құқықтану (Қазақ мемлекеттік заң академиясы, 1997-2001 жж.) және экономикалық (Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, 2015-2016 жж.).
Еңбек жолын 2001 жылы шілде айында бастаған. Жалпы еңбек өтілі 23 жыл.
2002 жылдың қыркүйек айынан 2004 жылдың қыркүйек айы аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілігі Комитетінің Астана қаласы соттар әкімшілігінің сот орындаушысы болып жұмыс атқарған. 2004 жылдың мамыр мен 2008 жылдың қаңтар айы аралығында Астана қаласының, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының жетекші, бас маманы лауазымдарын атқарған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жүйесінде 2015 жылдан бастап қызмет атқарады. Түркістан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің жекелеген негіздер бойынша мемлекеттің кірісіне түскен мүлікпен жұмыс бөлімінің басшысы болып жұмыс бастаған.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысы.
Касымбеков Г.М. мемлекеттік қызметтегі мінсіз еңбегі үшін және адал қызметі үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің басшылығымен бірнеше рет марапатталған.



