
Досмаков Ардақ Төлеуханұлы
ҚР ҚМ ММЖК Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысы
Өмірбаян
Досмаков Ардақ Төлеуханұлы 1980 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеген келген.
2004 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген
Еңбек жолын 2001 жылы «Маяк» ЖАҚ-да есепші болып бастаған.
17.05.2005–15.08.2006 жж. – Қарағанды облысы, Бұқар-Жырау ауданы, Ботақара кенті әкімінің аппаратының бас маманы болып қызмет атқарған.
03.10.2006–08.07.2008 жж. – Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қарағанды аумақтық бөлімінің сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау бөлімінің бас маманы.
09.07.2008–17.01.2010 жж. – «Сарыарқа» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Қарағанды облысы бойынша филиалының құқықтық және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.
18.01.2010–01.04.2012 жж. – «Сарыарқа» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Қарағанды облысы бойынша филиалының заңды тұлғалармен және олардың мүлкімен жұмыс істеу бөлімінің бас маманы.
02.04.2012–31.12.2014 жж. – ҚР ҚМ ММЖК Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің бас маманы.
01.01.2015–08.04.2015 жж. – ҚР ҚМ ММЖК Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде бала күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің орнына мүлікпен жұмыс істеу бөлімінің басшысы.
09.04.2015–18.12.2019 жж. – ҚР ҚМ ММЖК Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің кадр жұмысы және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.
19.12.2019 - 21.07.2025 жж. – ҚР ҚМ ММЖК Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары.
22.07.2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР ҚМ ММЖК Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысы.



