
Смагулова Назира Камалбаевна
Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Назира Камалбайқызы 1973 жылы 14 қарашада Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүние келген.
1997 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «санитария-гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша бітірген;
2016 жылы «Тұран» университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы АИТВ бойынша аймақтық ақпараттық агенттігінде эпидемиологиялық сұрақтар бойынша координаторы болып бастап, әрі қарай 2001 жылға дейін АИТВ ауыруының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығында дәрігер-эпидемиолог, Қазақ әйелдер педагогикалық институтында санитарлық дәрігер болып істеген.
2002 жылдан 2025 жылға дейін Алматы қаласы Әуезов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінде әр түрлі лауазымдарда істеген.
2025 жылдың қазанынан бастап Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы болып табылады.





