
Ильясова Айгуль Маратовна
Заң қызметі департаменті директорының орынбасары
Өмірбаян
1989 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
2012 жылы «Ресей кеден академиясы» жоғары кәсіби білім беретін мемлекеттік қазыналық оқу орны мекемесін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2012 – 2014 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2014 – 2017 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментінің Нормативтік құқықтық актілерді құқықтық сараптау басқармасында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2017 – 2018 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментінің Нормативтік құқықтық актілерді құқықтық сараптау басқармасының басшысы болған.
2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаменті директордың орынбасары қызметін атқарып келеді.





