
Серғазин Руслан Амангелдіұлы
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
Руслан Амангелдіұлы Серғазин 1989 жылы 8 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылында дүниеге келген.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін 2011 жылы – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2014 жылы – «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасында қаржы-экономика бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы ретінде бастаған.
Әр жылдары мемлекеттік басқару жүйелерінде және дене шынықтыру мен спорт саласында түрлі қызметтер атқарған:
– Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің құрылымында бас маман және бөлім меңгерушісі;
– Ұлан ауданы ауылдық округінің әкімі;
– Семей қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы;
– Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының әкімшілік және қаржылық бөлімінің басшысы;
– Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, кейіннен Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спорт инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы.


