Есембаев Нұрлан Абайұлы

    Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары

    Есембаев Нұрлан Абайұлы
    Заместитель Председателя

    Есембаев Нұрлан Абайұлы

    Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары

    Өмірбаян

    1980 жылы 11 маусымда Павлодар облысы Успен ауданының Богатырь ауылында дүниеге келген.

    Павлодар университетін (2003 ж.), Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын (2006 ж.), С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін (2016 ж.) «автомобиль және автомобиль шаруашылығы», «дене шанықтыру және спорт» және «саясаттану» мамандықтары бойынша тамамдаған.

    2004-2006 жж. Константиновка орта мектебі, өндіріске үйрету шебері;

    2006-2008 жж. Константиновка орта мектебі, дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы, Константиновка ауылы, Павлодар облысы, Константиновка аулы;

    2008-2009 жж. Павлодар облысының Дене тәрбиесі және спорт басқармасы бұқаралық-дене тәрбиесі жұмысы бөлімінің жетекші маманы, Павлодар қаласы;

    2009-2009 жж. Павлодар облысының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы бұқаралық-дене тәрбиесі жұмысы бөлімінің жетекші маманы, Павлодар қаласы;

    2009-2011 жж. Павлодар облысының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы спорт бөлімінің бас маманы, Павлодар қаласы;

    2012 – 2015 жж. Дүниежүзілік Тоғызқұмалак Федерациясының Вице-президенті;

    2011-2013 жж. Павлодар облысының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы бұқаралық-дене тәрбиесі жұмысы бөлімінің бас маманы, Павлодар қаласы;

    2013-2014 жж. Павлодар облысының Дене тәрбиесі және спорт басқармасы бұқаралық-дене тәрбиесі жұмысы бөлімінің бастығы, Павлодар қаласы;

    2014 -2015 жж. Павлодар облысының Дене тәрбиесі және спорт басқарма басшысының орынбасарының міндетін атқарушы, Павлодар қаласы;

    2015 -2019 жж. Павлодар облысының Дене тәрбиесі және спорт басқарма басшысының орынбасары, Павлодар қаласы;

    2019 -2022 жж. Павлодар облысының Туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары, Павлодар қаласы;

    2022-2024 жж. Павлодар облысының Дене шынықтуру және спорт басқармасы басшысының орынбасары, Павлодар қаласы;

    2025 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері