
Биктимисова Айгүл Ерғуатқызы
Денисов ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Биктимисова Айгүл Ерғуатқызы
Денисов ауданы әкімінің орынбасары
Жалпы ақпараты, білімі
Биктимисова Айгүл Ерғуатқызы, 1974 жылы 5 қарашада Қостанай облысы Денисов ауданында дүниеге келген, білімі жоғары.
Ақмола ауыл шаруашылығы институтын бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша және Челябі мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылдың сәуір айынан бастап Баталинск учаскелік ауруханасының медбикесі болып бастаған. 1995 жылдың қазан айына дейін медбике болып жұмыс істеді.
1998 жылдың мамырынан 2001 жылдың қаңтарына дейін Сейтмуратов ШҚ бухгалтері болып жұмыс істеді.
2001 жылдың қаңтарынан 2001 жылдың желтоқсанына дейін Денисов аудандық қаржы басқармасында есеп және есептілік бөлімінің маманы болып жұмыс істеді.
2002 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың қыркүйегіне дейін Қазпошта АҚ НҚЖ Денисов АПББ бас кассасының операторы болып жұмыс істеді.
2003 жылдың қыркүйегінен 2004 жылдың желтоқсанына дейін Қазпошта АҚ НҚЖ Денисов АПББ бас бухгалтері болып жұмыс істеді.
2004 жылғы желтоқсаннан 2010 жылғы ақпанға дейін Қазпошта АҚ НҚЖ Денисов АПББ басшысы қызметін атқарды.
2005 жылғы тамыздан 2019 жылғы қазанға дейін – «Нұр Отан» партиясы Денисов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2009 жылғы наурыздан 2012 жылғы ақпанға дейін – «Сара» ШҚ басшысы
2019 жылғы қазаннан 2023 жылғы қарашаға дейін – Денисов ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2023 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін – Денисов ауданы әкімінің орынбасары.
Аудандық әкімдіктің жетекшілік ететін бөлімдерінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, ауданның мәдени-бұқаралық іс-шараларын ұйымдастырады. Азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі.
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның; жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу және оларды әскери қызметке даярлау жөніндегі үйлестіру кеңесінің; жазда балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру, сауықтыру және жұмыспен қамту жөніндегі комиссияның; отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның; тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның; аудандық шақыру комиссиясының қызметі басқарады.
Тиісті салалардың қызметінде жобалық басқару қағидаттарын цифрландыру және енгізу жөніндегі шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді.
Ішкі саясат, Мемлекеттік тіл саясаты, ономастика, этносаралық сала, мәдениет, дін, демография, жастар саясаты, білім беру, отаншылдықтық тәрбие, қоғамдық бірлестіктер, қорлар, БАҚ, қоныс аудару және қандастармен жұмыс мәселелерін үйлестіреді.
- әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның;
- әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның;
- үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі комиссияның;
- жастар іс жөніндегі кеңестің;
- қоғамдық кеңестің;
- білім, спорт, мәдениет, қоғамдық даму басқармаларының ведомстволық бағынысты ұйымының
жұмысты үйлестіреді
«Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ;
«Денисов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ;
«Денисов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ;
«Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
жетекшілік етеді
«Денсов ауданының білім бөлімі» ММ-мен; зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық филиалымен; «Қазпошта» акционерлік қоғамының аудандық филиалымен (зейнетақы мен жәрдемақы беру; қоғамдық-саяси басылымдарға жазылуды ұйымдастыру бөлігінде); аудандық ардагерлер кеңесімен; «Наше время» аудандық газетінің редакциясы; саяси партиялармен; қоғамдық бірлестіктер мен қозғалыстармен; кәсіптік одақтармен; жастар ұйымдарымен; діни конфессиялармен; шығармашылық одақтармен; үкіметтік емес ұйымдармен ө зара іс-қимылды жүзеге асырады



