
Хаджиев Қайрат Сәбітұлы
Денисов ауданы әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Хаджиев Қайрат Сәбитұлы
Денисов ауданы әкімі аппаратының басшысы
Жалпы ақпараты, білімі
Хаджиев Қайрат Сәбитұлы 1997 жылы 21 ақпанда Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Бауманское ауылында дүниеге келген.
Челябі мемлекеттік университетін құқық мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2016 жылдың тамыз айынан бастап «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» ММ құжаттаманы өңдеу бойынша қызметкер болып бастады.
2019 жылдың сәуірінен 2019 жылдың шілдесіне дейін «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» ММ статистик болып жұмыс істеді.
2019 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың маусымына дейін «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» ММ инспекторы болып жұмыс істеді.
2022 жылдың наурызынан 2022 жылдың ақпанына дейін «Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ әдіскер болып жұмыс істеді.
2022 жылдың наурызынан 2023 жылдың наурызына дейін – «Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ заң бөлімінің бас маманы.
2023 жылдың наурыз-қазан айлары аралығында «Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ заң бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2022 жылдың қазанынан 2024 жылдың тамызына дейін – «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің басшысы, Тобыл қаласы.
2024 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Денисов ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарады.
Ол басқаратын аудан әкімі аппаратының қызметіне басшылық жасайды, қарамағындағылардың атқаратын лауазымдарына сәйкес міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін дәл анықтайды. Аудан әкімі аппаратының жұмысын перспективалық мен ағымдағы жоспарлау, және оның орындалуын бақылау. Аудан әкімі шешімдерінің, өкімдерінің және әкімдік қаулыларының жобаларын дайындауды бақылау. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдері мен әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау.
Аудан әкімдігіне бағынысты мемлекеттік басқару органдарының өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жетекшілік етеді.
Іс қағаздарын жүргізу қағидаларына сәйкес ұйымдастырады және қызметтік құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімін; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау және мониторинг мәселелерін; персоналды басқару қызметін (кадр қызметі); мемлекеттік-құқықтық бөлімін; қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету және ақпараттандыру бөлімін; жұмылдыру дайындығы, терроризм мен төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі, әкімнің көмекшісі, ауыл және ауылдық әкімдер аппараттары округтер жұмысын үйлестіреді.
Денисов аудандық мемлекеттік мұрағатымен; аудандық мәслихат аппаратымен; аудан әкімдігіне бағынысты мемлекеттік басқару органдарымен; сайлау өткізу мәселелері жөніндегі сайлау комиссияларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.



