
Жангабулов Сабир Амерханұлы
Денисов ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Жанғабулов Сабир Әмірханұлы 1977 жылы 3 маусымда Қостанай облысы Денисов ауданы Комаровка ауылында дүниеге келген
Қостанай ауыл шаруашылығы институтын агрономия мамандығы бойынша, Д. А. Қонаев атындағы Алматы университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген
Еңбек жолын 2000 жылдың ақпан айынан бастап «Адамбаев» шаруа қожалығының агрономы болып бастады.
2003 жылдың мамырынан 2004 жылдың сәуіріне дейін «Қостанай» Қоғамдық Балалар Қорының жүргізушісі болып жұмыс істеді
2005 жылғы наурыздан 2005 жылғы шілдеге дейін «Денисов ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ жер қатынастары инспекторы болып жұмыс істеді
2005 жылғы шілдеден 2008 жылғы шілдеге дейін – «Денисов ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы.
2008 жылдың шілдесінен 2010 жылдың тамызына дейін «Шұқубай» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарды.
2010 жылдың тамызынан 2010 жылдың қарашасына дейін «Денисов ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ операторы болып жұмыс істеді.
2010 жылғы қарашадан 2011 жылғы наурызға дейін – «Денисов ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы.
2011 жылғы наурыздан 2011 жылғы маусымға дейін – «Денисов ауданының статистика басқармасының» басшысы.
2011 жылғы маусымнан 2023 жылғы мамырға дейін – «Денисов ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.
2023 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Денисов ауданы әкімінің орынбасары.
Өнеркәсіптік қауіпсіздікке, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу мәселелеріне, көлік инфрақұрылымына, жолдарды реконструкциялау және жөндеу мәселелеріне, тұрғын үй-коммуналдық саланың қызметіне, тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындарының жұмысына, тұрғын үй және әлеуметтік-өндірістік инфрақұрылым объектілерін жылыту маусымдарына даярлауға, жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға, кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамытуға, индустрияландыруға, инновацияларға, экспорттық инфрақұрылымға, инвестициялар тартуға (жетекшілік ететін салалар бөлігінде), ауыл шаруашылығына, құрылыс, сәулет мәселелеріне, ауыл шаруашылығы мәселелеріне (жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бөлігінде), төтенше жағдайлар және азаматтық қорғанысқа, қоғамдық тәртіпке, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс мәселелеріне, елді мекендерді абаттандыруға, күтіп ұстау және жасыл желектерді қорғау мәселелерін қоса алғанда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың салалық бағдарламалары пункттерге жетекшілік етеді.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері (жобалардың іске асырылу барысын мониторингілеу және бақылау, кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу үшін жобаларды іздеу және іріктеу); өңірлік деңгейде бизнесті қолдау, туристік қызметті дамыту бағдарламалары; ауыл шаруашылығы саласын дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру, тауар өндірушілермен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жұмысы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде; жергілікті атқарушы органдардың «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ республикалық қаржы институттарының аумақтық бөлімшелерімен мемлекеттік қолдау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі жұмысы; шекара маңы ынтымақтастығы жөніндегі жұмысы үйлестіреді.
- Денисов ауданының жер комиссияның
- Денисов ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссияның
- «Қостанай жастары» бағдарламасына қатысушыларды іріктеу жөніндегі комиссияның
кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі кеңестің
Жұмысты үйлестіреді.
«Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ;
«Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ;
«Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ жетекшілік етеді.
«Қамысты орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясымен; аудандық телекоммуникация торабымен; жол-құрылыс ұйымдарымен; № 8 өрт бөлімімен; Денисов ауданының төтенше жағдайлар бөлімімен; ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сақтау кәсіпорындарымен; тамақ өнеркәсібі және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарымен; ЖШС директорлары, ШҚ және ЖК басшыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.



