Айқымбаева Бекзат Төлендинқызы

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кадр қызметі департаментінің директоры

    Айқымбаева Бекзат Төлендинқызы
    Директор

    Айқымбаева Бекзат Төлендинқызы

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кадр қызметі департаментінің директоры

    Өмірбаян

    1974 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. С.Сейфуллин атындағы Ақмола университетін, Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

    1996-2001 жж. – Астана қаласындағы № 32 мектеп-гимназияның аға тәлімгері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

    2001-2002 жж. – Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөліміндегі жұмыс;

    2002 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіндегі жұмыс:

    2002-2008 жж. – кадрлар бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, біліктілікті арттыру бөлімінің бастығы;

    2008-2009 жж. – Министрліктің жиынтық қаржылық жоспарын қалыптастыру және бюджет шығыстарын қаржыландыру басқармасының бас сарапшысы;

    2009-2011 жж. – Кадрмен қамтамасыз ету басқармасының бастығы;

    2011-2017 жж. – Кадр жұмысын үйлестіру және бақылау департаментінің директоры;

    2017-2018 жж. – Персоналды басқару және стратегия департаменті директорының орынбасары;

    2018-2025 жж. – Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті директорының орынбасары;

    2025 жылғы ақпан - желтоқсан – Бюджеттік заңнама департаменті директорының орынбасары;

    2025 жылдың желтоқсанынан – Кадр қызметі департаментінің директоры.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері