Миятов Қайрат Исатайұлы

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры

    Миятов Қайрат Исатайұлы
    Директор

    Миятов Қайрат Исатайұлы

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры

    Өмірбаян

    Жамбыл қаласында 1971 жылда дүниеге келді, білімі жоғары: 1993 жылы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетің "Инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша, 1997 жылы "Экономист-бухгалтер" мамандығы бойынша және 2006 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін "Заңтану" мамандығы бойынша бітірген.

    1993-2002 жж. – ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің Жамбыл облысы бойынша салық комитетінде аға салық инспекторынан бөлім бастығына дейін қызмет атқарды.

    2002-2005 жж. – ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінде бас маман.

    2005-2007 жж. – Ақтөбе қаласы бойынша Салық департаментінің салық комитеті төрағасының орынбасары.

    2007-2009 жж. – ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті салықтық аудит басқармасының бастығының орынбасары.

    2009-2011 жж. – Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Алматы ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы.

    2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары.

    2013-2017 жж. – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің оңалту және банкроттық жөніндегі басқармасының, жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының, экспорттық бақылау басқармасының басшысы.

    2017-2020 жж. – ҚР Қаржы министрлігінің апелляция департаментінің директоры.

    2020-2024 жж. – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.

    2024 жылғы 28 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері