Сарманов Ахан Айкынович

    «Республикалық электрондық денсаулық сақтау» ШЖҚ РМК-ның Бас директоры

    Қызметкерлер

    Сарманов Ахан Айкынович

    «Республикалық электрондық денсаулық сақтау» ШЖҚ РМК-ның Бас директоры

    Өмірбаян

    Дүниеге келген:
    1980 жылы 6 ақпанда Алматы қ.
    Жоғарғы білім:

    • Қазақ ұлттық техникалық университеті, "Ақпаратты қорғау және қауіпсіздік" мамандығы (үздік), 2002 ж.
    • Management and Marketing Universal Business School, MBA OPEN, 2018 ж.


    "Үздік байланысшы" төсбелгісімен, сондай-ақ грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталған

    1999 ж.
    Компьютерлік үйірме жетекшісі
    ретІнде қалалық Жас таланттар сарайында жұмыс бастады.
    2002 - 2006 ж.ж.
    «Қазақтелеком» АҚ, «Алматытелеком ҚТО» және «Қазақтелеком АҚ ПДО» түрлі бөлімшелерінде жұмыс істеді
    деректер базасын әкімшілендірумен айналысты, бағдарламалық-аппараттық жобаларды әзірлеуге және сүйемелдеуге қатысты.
    2006 - 2009 ж.ж.
    «БТА Ипотека» АҚ
    маман, аға маман, жетекші маман, әзірлеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. Ақпараттық банктік жүйелерді (Oracle, pl/sql, pl/plus) әзірлеу және қолдау, сыртқы жүйелермен интеграциялау үшін есептер мен интерфейстерді әзірлеу бойынша жобаларды басқарды.
    2009 - 2010 ж.ж.
    «Мұнай сақтандыру компаниясы»
    ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директор болып жұмыс істеді.
    2010 - 2015 ж.ж.
    «Азия қаржылық технологиялар орталығы» ЖШС
    сақтандыру компаниялары үшін жүйелер әзірлеу, халықтан төлемдер қабылдау, сыртқы жүйелермен және шлюздермен интеграциялау бойынша жобаларды басқарды.
    2015 - 2017 ж.ж.
    «Банк РБК» АҚ
    банктің жаңа ақпараттық жүйеге көшу жобасының менеджері болды, содан кейін басқарма бастығы қызметін атқарды.
    2017 - 2020 ж.ж.
    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
    Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс лауазымында жұмыс істеді.
    «ҰАТ» АҚ жұмыс істеу кезеңінде мынадай жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысты:

    • «Smart Bridge» платформасы (Сервистер витринасы) – бұл мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен жеке сектор арасындағы интеграцияның оңайлатылған процесі. Жоба «Х-Road» (әмбебап шина) жобасы бойынша Эстония Республикасының тәжірибесі негізінде жүзеге асырылды. Жобаны құрудың мақсаты интеграция, мемлекеттік органдардың бизнеспен өзара іс-қимылы және бәсекелестік ортаны дамыту бойынша ұйымдастыру рәсімдерін оңайлату болып табылады.

    • eGov Mobile бұл мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистерді смартфондар арқылы көрсетуге арналған қосымша.

    • Азаматтарға eGov Mobile қосымшасында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен ақпарат алу арқылы қағаз құжаттың электрондық нұсқасын жасауға, олармен бөлісуге мүмкіндік беретін цифрлық құжаттар, сервис.

    • және басқалар.
    15.12.2020 - 31.05.2021 ж.ж.
    ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК
    ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 40 ж/в бұйрығына сәйкес Бас директордың міндетін атқарды.
    01.06.2021 ж. - қазіргі уақытқа дейін
    ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК
    ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 69 ж/в бұйрығымен, 2021 жылы 1 маусымнан бастап Бас директор болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері