Қоянбаева Мейрамгүл Қайратқызы
ҚР Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаменті директорының орынбасары
Өмірбаян
1986 жылы 2 мамырда Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка ауылында дүниеге келген. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономикадағы ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірді.
19.11.2007 ж.- 04.01.2009 ж. – Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті Инвестициялық саясат бөлімінің жетекші маманның міндетін атқарушы, жетекші маманы
05.01.2009 ж. - 31.03.2010 ж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік саланы дамыту департаменті Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек басқармасының сарапшысы
01.04.2010 ж. - 28.03.2013 ж. – ҚР Қаржы министрлігі Әлеуметтік саланың бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау, орындалуын талдау және іске асырылуын бағалау департаменті Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек басқармасының бас сарапшысы
01.03.2013 ж. - 21.10.2013 ж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік саланың бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау, орындалуын талдау және іске асырылуын бағалау департаменті Әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту және көші-қон бюджеті басқармасының бас сарапшысы
22.10.2013 ж. - 12.10.2014 ж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің Әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту және көші-қон саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау басқармасының басшысы
13.10.2014 ж. - 01.03.2017 ж. – ҚР Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаменті Әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту және көші-қон бюджеті басқармасының басшысы
02.03.2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін – ҚР Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаменті директорының орынбасары





