
Әубәкіров Ерлан Ермекұлы
Ақмола облысы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы
Өмірбаян
Соңғы лауазым: Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлілігің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарың қорғау департаментінің бас маманы, Петропавл қ.
Туған кезі: 1979 жылғы 25 қыркүйек
Туған жері: Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеев ауданы, Жанажол ауылы.
Тілдерін білуі : Қазақ, орыс
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары: М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (2003), бухгалтерлік есеп және аудит.
2004-2005 жж. - Явленка №3 орта мектебінің бас бухгалтері, Есіл ауданы, Явленка селосы;
2005 ж. - Мағжан Жұмабаев ауданы салықтық әкімшілендіру бөлімінің бас маманы;
2005-2007 жж. - Мағжан Жұмабаев ауданы салық комитеті аудит бөлімінің бас маманы;
2007 ж. - Мағжан Жұмабаев ауданы Салық комитетінің ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және алым бөлімінің бастығы;
2007-2008 жж. - Мағжан Жұмабаев аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бастығы;
2008-2009 жж. - Мағжан Жұмабаев аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
2009-2010 жж. - Мағжан Жұмабаев аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
2010-2015 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2015-2017 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;
2017-2019 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласының әкімі;
2020-2022 жж. - Петропавл қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі;
2022-2023 жж. - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлілігің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарың қорғау департаментінің бас маманы, Петропавл қаласы;
2023 жылдың сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін - Ақмола облысы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.




