Шарлапаев Қанат Бисимбайұлы

    Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі

    Шарлапаев Қанат Бисимбайұлы
    Қызметкерлер

    Шарлапаев Қанат Бисимбайұлы

    Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі

    Өмірбаян

    1981 жылы Ресей Федерациясында туған.

    Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, Крэнфилд менеджмент мектебін (Ұлыбритания) бітірген. Мамандығы – экономист. Қаржы және басқару магистрі.

    Еңбек жолын 2003 жылы Ресей Федерациясының Петрокоммерц банкінің тұтынушыларды басқару басқармасының менеджері болып бастаған.

    2006-2008 жылдары – «Сити» инвестициялық банкінің Лондон, Прага қалаларындағы қаржы департаментінің маманы;

    2008-2014 жылдары – «Сити» инвестициялық банкінің (Ұлыбритания) нарықтағы акциялар жұмысы жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, кіші вице-президенті, вице-президенті;

    2014-2015 жылдары – Ұлыбританияның «Сити» инвестициялық банкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша Стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті;

    2015-2017 жылдары – «Қазақстан Ситибанкінің» бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті;

    2017-2020 жылдары – Ресей Федерациясының «Сити» инвестициялық банкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті;

    2020-2022 жылдары – «Сити» инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры;

    2022 жылғы ақпан-2023 жылғы қыркүйек аралығында – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;

    2023-2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі;

    2025 жылдың 28 ақпанынан бастап Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері