
Есекеев Куанышбек Бақытбекұлы
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы
Өмірбаян
1975 жылы дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ мемлекеттік экономика университетін және Hult халықаралық бизнес мектебін бітірген. Іскерлік басқару магистрі.
Физика-математика ғылымдарының кандидаты.
1998-2002 жылдары – «Қазақойл» акционерлік қоғамы Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры;
2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ақпараттандыру департаментінің директоры;
2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары;
2007-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы;
2010-2024 жылдары – «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
2024 жылғы 10 маусымда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.




