Скляр Роман Васильевич

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

    Скляр Роман Васильевич
    Қызметкерлер

    Скляр Роман Васильевич

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

    Өмірбаян

    1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.

    Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын «Экономист» мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.

    1989–1990 жылдары «Казпромтехмонтаж» шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы болды.

    1990 жылдан бастап — «Вахинвест» бірлескен кеңес-батыс-герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері, Павлодар қ.

    1990–1999 жылдары «Ансат-Павлодар» ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директор қызметтерін атқарды.

    1999–2002 жылдары — «Тыныс» ЖШС директоры, Павлодар қ.

    2002–2003 жылдары — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дәрменсіз қарызгерлермен жұмыс комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы.

    2003–2005 жылдары — Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы.

    2005 жылғы қантардан бастап — Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы.

    2005 жылғы.сәуірден бастап — Павлодар облысының әкімі Аппаратының басшысы.

    2006 жылдан бастап — Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.

    2006–2007 жылдары — Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі.

    2007–2008 жылдары — Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.

    2008–2010 жылдары —. Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

    2010–2011 жылдары — Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

    2011–2013 жылдары —. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.

    2014–2016 жылдары — «Қазақстан Темір Жолы» АҚ вице-президенті.

    2016 жылы — Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

    2016 жылы — мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

    2016–2019 жылдары — инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

    2019 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарды.

    2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.

    2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

    2023 жылғы 3 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды.

    2024 жылғы 5 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

    2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері