
Мырзабек Ақылбек Мұратбекұлы
Облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіру, пайдалануға беру рәсімдерін жүргізу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Мырзабек Ақылбек Мұратбекұлы 1991 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2014 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдады.
2020 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.
2016-2017 жылдары Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мұрағатшысы;
2017-2018 жылдары Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының статистигі;
2018-2019 жылдары Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының әдіскері;
2019-2022 жылдары Қызылорда облысы әкімінің аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің құқық қорғау органдарымен жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл секторының әдіскері;
2022-2023 жылдары Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ардагерлермен жұмыс бөлімінің басшысы;
2023-2024 жылдары Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік әріптестік бөлімінің бас маманы;
2024-2025 жылдары Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының шетелдік жұмыс күшін тарту бөлімінің бас маманы;
2025 жылдың 11 тамызынан бастап Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіру, пайдалануға беру рәсімдерін жүргізу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.





