
Ибадуллаев Асқар Хабидуллаұлы
Бюджеттік және фискалдық саясат бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Ибадуллаев Асқар Хабидуллаұлы 1995 жылы 7 тамызда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.
2002-2013 жылдар аралығында Ү.К. Томанов атындағы № 183 орта мектебінде білім алды.
2013-2017 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
2017-2019 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін инновациялық менеджмент мамандығы бойынша магистратураны бітірген.
13.08.2019 ж. – 20.01.2020 ж. Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жастар тәжірибесінен өтті.
5.02.2020ж. – 14.09.2020ж. Астана қаласында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-да жоба менеджері қызметін атқарды.
14.09.2020 ж. – 31.05.2022 ж. Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінде бас маман қызметін атқарды.
2022 жылдың 1 маусымынан бастап 2025 жылдың 17 ақпанына дейін Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасында бас маман қызметін атқарды.
2025 жылдың 17 ақпанынан осы уақытқа дейін Басқарманың бюджеттік және фискалдық саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.





