
Жунисова Бакыт Талгатовна
Фискалдық саясат және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Жүнісова Бақыт Талғатқызы 1980 жылы туған. 2001 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы Болашақ университетін «экономика магистрі» дәрежесімен аяқтаған.
Еңбек қызметін 2001 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономика және қаржы» кафедрасында үйренуші –оқытушы ретінде бастаған.
2002-2016 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қаржы» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметтерінде жұмыс жасаған.
2016 жылдан 2018 жылдары Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бас маман қызметін атқарған.
2018 - 2021 жылдары Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының «Жобалық басқару» бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2021 - 2022 жылдары Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының «Жобалық басқару» бөлімінің басшысы қызмет атқарған.
2022 жылдың маусым айынан бастап Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының «Жобалық басқару» бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады.





