
Қызметкерлер
Иманғазиев Ержан Оралұлы
Құрманғазы ауданы прокурорының орынбасары
Өмірбаян
Иманғазиев Ержан Оралұлы 23.11.1995 жылы Атырау облысында дүниеге келген.
М.С. Нарикбаев атындағы ҚазМЗУ университетін «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша аяқтаған.
Прокуратура органдарында қызмет етуді 2018 жылы Құрманғазы ауданы прокуратурасының прокуроры лауазымынан бастаған.
Әртүрлі уақытта Құрманғазы ауданы прокуратурасының прокуроры, Атырау облысы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры, аға прокуроры лауазымдарында қызметін атқарған.
2026 жылдың ақпан айынан бері – Атырау облысы Құрманғазы ауданы прокурорының орынбасары.





