
Ермеков Еркебұлан Нұрымұлы
Қызылқоға ауданының прокуроры
Өмірбаян
Ермеков Еркебұлан Нұрымұлы 01.02.1987 жылы Атырау облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Прокуратура органдарында қызмет етуді 2009 жылы Қызылқоға ауданы прокурорының көмекшісінен бастаған.
Әртүрлі уақытта Қызылқоға ауданы, Атырау қаласы прокурорларының көмекшісі, аға көмекшісі, аудан прокурорының орынбасары, облыс прокуратурасының басқармасы аға прокуроры, қалалық прокуратураның бөлім бастығы, облыс прокурорының жұмылдыру жұмысы жөніндегі көмекшісі, Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы құрамындағы аға көмекшісі, Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының орынбасары, прокуроры және Жылыой ауданының прокуроры лауазымдарында қызметін атқарған.
2025 жылдың желтоқсан айынан бері – Атырау облысы Қызылқоға ауданының прокуроры.





