Ешманов Нариман Олжабайұлы

    Индер ауданының прокуроры

    Ешманов Нариман Олжабайұлы
    Прокурор

    Ешманов Нариман Олжабайұлы

    Индер ауданының прокуроры

    Өмірбаян

    1978 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Қазіргі гуманитарлық институтты заңгер мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2000 жылы Атырау облысы прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының бас маманы ретінде бастаған.

    2002-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқарма бөлімінің аға прокуроры қызметін атқарды; 2005-2006 жылдары Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, 2006-2007 жылдары Жылыой ауданы прокурорының көмекшісі міндеттерін атқарды; 2007-2009 жылдары Атырау облысы прокуратурасының бөлім және басқарма аға прокуроры қызметін атқарды;

    2009-2012 жылдары Атырау облысы Жылыой ауданы прокурорының орынбасары; 2012-2015 жылдары Атырау облыстық прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, 2015-2022 жылдары Атырау облысы Махамбет ауданының прокуроры, 2022-2024 жылдары Атырау облысы Мақат ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.

    2024 жылдың қыркүйегінен бері - Атырау облысы Индер ауданының прокуроры.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері