
Іскендір Қуандық Жомартұлы
Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Іскендір Қуандық Жомартұлы 1996 жылы Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген. 2017 жылы «Құрылыс» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірген.
Еңбек жолын 2017 жылы Қазалы аудандық құрылыс бөлімінің әдіскері болып бастаған.
2017-2018 ж.ж. – Қазалы аудандық құрылыс бөлімінің әдіскері;
2018-2020 ж.ж. – Қазалы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің әдіскері;
2020-2023 ж.ж. – Қазалы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлімнің сектор меңгерушісі;
2023-2025 ж.ж. – Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының құрылыс бөлімінің бас маманы;
2025-2026 ж.ж. – Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келді.
2026 жылғы 6 қаңтарда Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.



