Нұрашева Данагүл Кадирбекқызы

    Қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы

    Нұрашева Данагүл Кадирбекқызы
    Руководитель отдела

    Нұрашева Данагүл Кадирбекқызы

    Қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Нұрашева Данагүл Кәдірбекқызы, 1969 жылы 02 қарашада Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Иіркөл аулында (ол кезде "Октябрь" кеңшары) дүниеге келген.

    1986 жылы Иіркөл ауылындағы №106 орта мектепті бітіріп, "Октябрь" кеңшарындағы құрылыс тобына жұмысшы болып қабылданған. 1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтына түсіп, 1993 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын "Бухгалтерлік есеп және шаруашылық жұмысын талдау" мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

    1993-1997 жылдары Қармақшы ауданының Ш Интернацонал ауылында орналасқан "1 Мамыр селолық тұтынушылар қоғамында" есепші, бас есепші болып жұмыс жасаған.

    1997-2001 жылдары Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің аға маманы, жетекші маманы қызметтерін атқарған.

    2002 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің математика факультетіне түсіп, 2004 жылы математика және информатика пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

    2005-2006 жылдары аралығында "Қармақшыастық" АҚ-ның, "Ойбас-Ойл-сервис" ЖШС-нің конкурстық өндірісінің бас есепшісі болып жұмыс жасаған.

    2006 жылы Қызылорда облысының құрылыс басқармасының мониторинг, бақылау және есеп бөліміне жетекші маман болып қабылданған.

    2007 жылы Қызылорда облысының құрылыс басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маманы болған.

    2009 жылы Қызылорда облысының құрылыс басқармасының экономикалық талдау және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы болып тағайындалған.

    2014 жылы Қызылорда облысының "Құрылыс" және "Сәулет және қала құрылысы" басқармалары бірігіп, мекеме атауы Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы болып өзгертілді. Соған сәйкес осы басқарманың мемлекетттік сатып алу және бухгалтерлік есеп бөлімі құрылып, осы бөлімнің басшысы болып тағайындалды және осы кезге дейін осы қызметті атқарып келеді.

    Марапаттар: Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлері салалық кәсіподағының "Елеулі еңбегі үшін" төс белгісі, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Құрмет грамотасы, Қызылорда облыстық Мәслихат хатшысы мен облысы әкімінің Құрмет грамотасы, ҚР қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің Алғыс хаты және Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаттары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері