
Шыныбаева Жанна Загидуллақызы
Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Шыныбаева Жанна Загидуллаевна 1967 жылы 13 желтоқсанда Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қазалы кентінде дүниеге келген.
1984 жылы Қазалы ауданы Қазалы кентіндегі Қ.Сәтпаев атындағы №216 мектепті бітірген.
1985-1987 жылдары Семей қаржы-экономикалық техникумына түсіп, "қаржыгер" мамандығы бойынша бітірген.
- 1987 жылдың мамыр айынан 2005 жылдың қаңтар айына дейін Қазалы аудандық қаржы бөлімінде-салық инспекторы, штат бойынша инспекторы, экономист, аға экономист, бөлімнің бас экономисті;
- 2005 жылдың қаңтарынан-2013 жылдың наурызына дейін бөлім қызметінің өзгеруіне және бөлінуіне байланысты, Қазалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде-бас маман, бюджет бөлімінің сектор меңгерушісі;
- 2013 жылдың наурыз айынан бастап облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында - бас маман, экономика бөлімінің басшысы, экономика және тұрғын үй құрылысы бөлімінің басшысы.



