Рахимова Бахыт Балмагамбетовна
ҚР Қаржы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешен, табиғи ресурстар, құрылыс және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық бюджеті департаментінің директоры
Өмірбаян
1964 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген.
1988-1989ж.ж. - Қарағанды облысы Сілеті аудандық бюджет жөніндегі инспекциясының бастығы - қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары
1990-1993ж.ж. - Қарағанды облысы Нұра аудандық қаржы бөлімінің бюджет бойынша 1- санатты бас экономисті, Нұра ауданы бойынша табысқа салық салу бөлімінің салық инспекторы
1994-1997ж.ж. - Қарағанды облысы Нұра ауданының мемлекеттік кәсіпорындардың кірістеріне салық салу бөлімінің бас салық инспекторы
1997-1998ж.ж. - Ақмола қаласы бойынша облыстық басқарманың аумақтық бөлімінің бас қазынашысы, қазынашылық операциялар секторының операциялық бөлімінің бас қазынашысы
1999-2000ж.ж. - Астана қаласы республикалық бюджетті атқару бөлімінің міндеттемелерді есепке алу секторының бас қазынашысы, меңгерушісі
2000-2004ж.ж. - ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің, жоспарлау бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы
2005-2006ж.ж. - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің міндетті арнайы тексеруден өту нәтижелері негізінде Мемлекеттік аппарат, қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік шығыстарын жоспарлау департаменті бөлімінің басшысы
2006-2008ж.ж. - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік аппарат шығыстарын жоспарлау, құқықтық жүйе және қауіпсіздік департаментінің басқармасы басшысының орынбасары;
2008-2010ж.ж. - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қорғанысты, құқық қорғау жүйесін және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті Құқықтық жүйе және мемлекеттік органдар басқармасының бас сарапшысы, басқармасының басшысы;
2010-2011ж.ж. - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Корпоративтік даму департаменті стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы
2011-2013ж.ж. - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті басқармасының басшысы
2013ж. - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Қорғаныс, құқық қорғау жүйесі және мемлекеттік органдар саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау департаменті басқармасының басшысы;
2014ж. - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Құқық қорғау, арнайы органдар мен қорғаныстың бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау департаменті басқармасының басшысы
2014-2020ж.ж. - ҚР Қаржы министрлігі Құқық қорғау, арнайы органдар және қорғаныс бюджеті департаментінің директоры
2020 жылдан бастап - ҚР Қаржы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешен, табиғи ресурстар, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бюджеті департаментінің директоры





